ProFood Expo көрмесі кейінгі мерзімге ауыстырылады
2026-06-09 12:15
ProFood Expo халықаралық көрмесі 2026 жылы өткізілмейтінін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта жоба көрменің тұжырымдамасы мен форматын одан әрі дамыту мақсатында қайта қарау кезеңінде. Осыған байланысты ProFood Expo көрмесін өткізу мерзімін кейінгі кезеңге ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Көрменің жаңартылған форматы тұжырымдаманы әзірлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша таныстырылады.
Қатысушыларымызға, серіктестерімізге және келушілерімізге жобаға білдірген қызығушылықтары мен қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз. ProFood Expo көрмесінің жаңа өткізілу мерзімі мен жаңартылған форматы туралы ақпарат қосымша жарияланады.
Жаңалықтарды көрменің ресми сайтынан қадағалаңыздар.